Сарыбаева Роза Өрісбайқызы,№13 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі.

Жоспары
І Кіріспе
Туризм ұғымы және мәні
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақстан жеріндегі алғашқы саяхаттар
2.Қазақстандағы туристік индустрия
3.Қазақстандағы туристік нысандар
ІІІ Қорытынды

Кіріспе
Туризм-адамның бос уақытындағы саяхаты,белсенді демалыстың бір түрі.Туризм-халықтың рекреациялық қажеттілігін қанағаттардырудың ең тиімді жолы.
Туризм адамдардың қарым-қатынасын,танымдық қабілетін арттырып,мәдинет пен өнердің дамуына,ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып,ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.Ел ішіндесаяхат жасау ішкі туризм;ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық туризм;саяхат мақсатына қарай:экологиялық,ойын-сауық,танымдық,спорттық балалар туризмі;әлеуметтік мақсатына қарай;іскерлі (конгресс,жәрмеңке),этникалық,діни туризм болып бөлінеді.Туризм әлемдік эконокикада басты рөльдердің бірін атқарады.Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10 бөлігін,халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын,әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді.1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақта мүше болып кірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмнің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі.Қазақстанда қазіргі заманғы инфақұрылым салаларының дамуына,соңын ішінде туризмге үлкен мән беріледі.Туризм елдің ьұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің,халыққа сауда,мәдени,дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды.Туризмнің тез және тұрақты өсуін,оның қоршаған ортаға,экономиканың барлық саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып,Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

Қазақстанның мәдени-тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға,саланың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуіне,кадрларды дайындауға  үлкен мән бөлінетін болады.Зерттеу жұмысының мақсаты.Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу,туризм рыногы мен қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайын қарастыру мен Қазақстан туризм саласының даму жолына қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Жүктеп алу:

http://dfiles.ru/files/bfduxx5hl

Отредактировано Роза рісбайызы (2014-01-17 11:02:00)