Какен Н.М.-№13 орта мектебі,Жезқазған каласы,Қарағанды обл
Түсінік
Бағдарлама 9-сынып оқушыларын оқытуға бағыттлған.Қазақ тілінің бағдарламалық-әдістемелік материалдарына негізделіп,34 сағатқа жасалған.Қазақ тілі бағдарламасындағы оқушылардың меңгеруіне қиын тиіп жүрген күрделі білім негіздерін тереңдетіп үйретуге негізделіп құрылған.
Методикалық көмектер ретінде қолданылған әдебиеттер:
«Қазақ тілі»9-сынып, авторлар:Р:Әмір,М:Атабаева
«Қазақ тілі» С:Р:Айнабекова,Қ:Нұрлыбекова
«Қазақ тілі,»Морфология
«Шығарма-ой толғауының жүйеленген жемісі «М:Шәбжантайқызы
«Созжасам»
«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» (9-11 сыныпты бітірушілерге арналған) Ж:Дәулетбекова,А:Аққұлова,С:Қамаев
Халық ауыз әдебиеті
Вариативтік курс 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Мәтінді жан-жақты талдау»
Бұл бөлімде мәтін бөліктерінің белгілі жүйеге бағынатындығы қаралады.Мәтіннің жүйелілігі жайлы стильдер сөз типтерінің әр алуандығы,мәтіндегі ой мен тілдің әр түрлі байланысы жайлы білетін білімдері толықтырылады.
Бұл бөлімде оқушылар мәтіннің стилін ғана анықтап қоймай,сонымен қатар мәтіннің көркемдегіш құралдарын талдауға үйренеді.
Екінші бөлім « Шығарма-ойтолғау.»
Бұл бөлімде берілген мәтін арқылы оқығандарын түсінуге, өз ойын жеткізуге,мәтіндегі негізгі ойды анықтауға және мәтін құрылысын ажырата отырып,ондағы тілдік құралдарды тауып,олардың мәтіндегі ролін түсінуге,сөздің типтері мен стилін таңдауға үйренеді.Бұл бөлімде алған білімдері күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Бағдарламада түсінік хат,бағдарлама мазмұны,вариативтік курста оқып үйренетін негізгі терминдер мен түсініктер,оқу процесін ұйымдастыру технологиясы,аралық бақылаудың түрлері мен талаптары,оқушыларға қажетті оқулықтардың тізімі берілген.
Вариативтік курстың мақсаты:
1.Оқушыларға аралық бақылауға көмектесу.
2.Рецензия және эссе жанрында өз ойын жазбаша жеткізе білуін дамыту,жетілдіру.
3.Жазба тілді еркін әрі сауатты меңгеру дағдыларын қалыптастыру және дамыту
.4.Әр түрлі стильдегі мәтіндердің айырмасын түсіну,дамыту,жетілдіру.
5.Сөздердің көркемдегіш құралдарының мәтіндегі ролін түсініп,оларды анықтай білуге үйрету.
6.Жазба түрде өз ойын жеткізе білуге,мәтіндегі негізгі проблемаларды тауып,оған өз бағасын бере алуға үйрету.
Вариативтік курстың міндеттері:
Әдеби-сыни жанрларды(рецензия,эссе ) меңгеруге көмектесу.
Оқушылардың мәтін жайлы білімдерін кеңейту,рецензия,эссе жанрындағы мәтін құрастыру,дағдыларын жетілдіру.
Жазба тілін дамытуға көмектесу.Оқушыларды АБ тапсырмаларын орындауға дайындау.
Бағдарлама мазмұны:
1-бөлім
Мәтінді жан-жақты талдау-18 сағат
1-тақырып.Мәтінге типтік және стильді талдау-9 сағат
2-тақырып.Мәтінді лингвистикалық талдау-9 сағат
Оқушылар мынаны білуі керек:
-мәтін бөліктерінің байланыс құралдарын көрсету;
-мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;
-тілдің типтері мен стильдерін анықтау;
-мәтінге талдау жасағанда тілдің көркемдік құралдарын қолдану.
Практикалық жұмыстар:
-мәтінді оқып,оның қай типке,қай стильге жататынын анықтау;
-мәтінді оқып,автордың негізгі ойы қай сөйлемде берілгенін анықтау;
-қай сөйлемде автор синонимдерді(антоним...)қолданғанын табу,алдыңғы ойдың қай сөйлемде жіктеу есімдігімен(сілтеу есімдігі т.б.) берілгенін анықтау.
2-бөлім
Мәтін негізінде шығарма-ойтолғау-16 сағат
1.Мәтін талдау-4 сағат
2.Шығарманың құрылысы мен тілі-4 сағат
3.Шығарма жазуға үйрену-6 сағат
Оқушылар мынаны білуі керек:
-берілгенмәтінді түсіну және айтып беру;
-берілген мәтінді түріне талдау;
-берілген мәтіндегі тілдік құралдарды анықтау;
-мәтінге байланысты өз ойын жеткізу;
-өз сөзінде тіл байлығын және грамматикалық құрылымдарды пайдалану;
-орфографиялық,грамматикалық,лексикалық сай сөйлемдер құрастыру.
Практикалық жұмыстар:
Шығарма-ойтолғау жазу;мәтіндерді жалғастыру.
Негізгі терминдер мен түсініктер:
Тіл стильдері:публистикалық,көркем әдебиет,ғылыми,ауызекі сөйлеу.
Тіл типтері:суреттеу,баяндау,түсіндіру.
Тілдің көркемдік құралдары:
Лексикалық құралдар:Антонимдер,гипербола,жаңа сөздер,синонимдер,синтаксистік синонимдер,стилистикалық синонимдер,метафора,олицетворение,қайталау,синтаксистік параллелизм,метонимия.
Білім берудің мақсаты оқушының танымдық белсенділігі арқасында мұғалім мен басқа оқушылардың қарым-қатынасы нәтижесінде іске асады.
Сабақ оқушылардың теориялық және практикалық жұмыс түрлері негізінде құрылған.
-дәріс сабақтар;
-алған білімдерін практикада қолдану;
-дағды сабақтары(үйрену);
-білімдерін кешенді қолдану.
Топпен және жеке жұмыс түрлеріне негізделген.
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:
1.Н:Оразақынова,Ж:Исаева,Г:Сүлеева «Қазақ тілі».
2.М:Шәбжантайқызы «Шығарма-тілі дана,іші сара бабалар мұрасының айнасы»1-бөлім.
3».Қазақ тілі тест тапсырмалары жинағы»Мемлекеттік аралық бақылауға дайындалуға арналған. Ибрагимова.К.2010ж.
4. «Қазақ тілі»9-сынып,Р:Әмір,М:Атаева Стилистика бөлімі.
Тілтану (34 сағат)
Сағат саны мерзімі Сабақтың тақырыбы Сабақтың түрі
1 1-бөлім.Мәтіннің тақырыбы, негізгі ойы дәріс
2 Мәтіндегі ойдың байланысу тәсілдері дәріс
3 Мәтінді бөліктерге бөлу практикалық
4 Мәтін құрылысындағы лексикалық қүрылым дәріс
5 Мәтін құрылысындағы морфологиялық қүрылым дәріс
6 Мәтін құрылысындағы синтаксистік қүрылым дәріс
7 Стиль түрлері практикалық
8 Сөз түрлері практикалық
9 Бақылау жұмысы
10 Ойды жеткізу, суреттеуде қолданылатыңн қүралдар дәріс
11 Көп мағыналы сөз. Ауыспалы мағыналы сөз практикалық
12 Синоним, антоним практикалық
13 Дыбыстық көрсеткіш қүралдар дәріс
14 Троптар: метафора, эпитет практикалық
15 Теңеу, гипербола т.б. практикалық
16 Стилистикалық тәсілдер практикалық
17 Градация, антитеза т.б практикалық
18 Аралық бақылау
19 2-бөлім.Мәтіннің мазмұны дәріс
20 Стильдерді құрамына талдау дәріс
21 Рецензия, эссе алған білімдерін пайдалану
22 Аралық бақылау
23 Шығарманың кіріспе бөлімі практикалық
24 Сөйлемнің мағыналық, грамматикалық байланысы практикалық
25 Шығарманың негізгі бөлімі практикалық
26 Өз ойын жеткізу практикалық
27 Шығарманың қорытынды бөлімі практикалық
28 Шығарма жазуға үйрену практикалық
29 Шығарма : «Май- бірлік, ынтымақ» практикалық
30 - «Ер есімі – ел есінде» алған білімдерін пайдалану
31 «Тәуелсіз елдің ұланымын» алған білімдерін пайдалану
32 «Алтын ұя мектебім» алған білімдерін пайдалану
33-34 Қорытынды бақылау
Отредактировано Насиха (2013-04-04 23:03:22)