Беглярова Қаншайым Мұхамеджанқызы ,№133 мектеп бастауыш сынып мұғалімі 1 санат,Жезказған

          Мақсаты:

  Оқушылардың   ішкі   рухани  жан  дүние  байлығын   арттыру, Адамгерші-
лік-имандылыққа   тәрбиелеу, сөз   өнерін  түсінуге  үйрету ,тілін,  қиялын дамыту.
       
            Міндеттері:

-  оқушылардың  оқу  дағдыларын  арттыру;
- сөйлеу  және  жазба  тілдерін  жетілдіру:
-шығарманың  мәнін  түсінуін   қамтамасыз  ету;
- шығармашылық   қабілеттерін   дамыту;
-елжандыққа , Отансүйгіштікке,  адамгершілікке,  еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

          Күтілетін нәтиже:

Ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық педагогиканы әдет-ғұрып, халық
мұрасын сақтайтын,  иманды, ізетті, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, елін қадірлейтін, бағалай білетін жеке тұлғаны  тәрбиелеу.

       Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ө. Мұқанұлы «Қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырымдар» Ж-2002
2 .А. Жүнісов «Бабалар дәстүрі» А-1992
3 .И. Аасамаа «Әдептен озбайық» А-1990
4 Б. Құлмағанбетова С. Мұқашев «Қазақ тіл»і А-1984
5 С. Кенжеахметұлы «Жеті қазына» А-2002
                                       

                                           Түсінік хат
               Қазақ  халқы  ұлт  болып  қалыптасқаннан  бері  екі  нәрсеге баса, қатал  қараған .Мұның  бірі- тіл. Ойды  әдіптемей, мақал- мәтелді араластырмай, ақыл –нақылды  қоспай,  күлтелемей  сөйлейтін  қазақ  кемде-кем. Қазақтың   көшпенді  тұрмысы, бас-аяғы  жоқ  жаугершілігі  көп нәрсесін  жоғалтса да  тіліне  қылау  түсіре  алмады,  қайта  байытты.
«Мақал- сөздің мәйегі » атты оқушылармен жүргізілетін жұмысымның негізгі мақсаты: ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім бере отырып, оларды имандылық пен ізгілікке, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, елін қадірлейтін, бағалай білетін адам етіп тәрбиелеу.
Оқушыларға  мақал-мәтелдер терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы білдіре отырып, оқушылардың ойлау, сөйлеу, сөздерді дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларды ұлттық тұрғыда оқыту мен тәрбиелеу.
Оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдері мен дағдыларын пысықтай жинақтап,іздемпаздыққа,шығармашылыққа баулу. 

Жүктеп алу:

http://dfiles.ru/files/8t1ggfflw