«Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар байқауының жүру барысы.

1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 - наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Тауып бір әйел - әлем бар тілдерін,
Бақыт пен астастырып әр күндерің
Босатып қара жердің тұла бойын
Келдің бе, сегізінші наурыз күнім.
1 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
2 - жүргізуші:
Ананың құтты болсын, мерей тойы
Бүгінгі айтылатын көптің ойы
Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда
Ауылымның арта берсін абыройы.
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар  байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз Аманғазы Айана
2- жүргізуші
№ 2 аруымыз  Алдабергенова Аружан
1-жүргізуші
№3 аруымыз Ережепбай Аяла
2-жүргізуші
№4 аруымыз Жанабаева Еркежан
1-жүргізуші
№5 аруымыз Кусманова Балжан
2-жүргізуші
№6 аруымыз
Мұратова Аяулым
1- Жүргізуші
№7 аруымыз Жұмажанова Дильназ
2-жүргізуші
№8 аруымыз Кабдышукирова Арайлым
1- Жүргізуші
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
................................

2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «Сәлем – сөз басы»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ бөлім: «Білімді мыңды жығар» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

ІІІ - бөлім «Өнерлі өрге жүзер» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІҮ - бөлім: «Шебер қолдар» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

V бөлім: «Мақал –сөз мәйегі» - деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз ана туралы мақал айтып жарысады. Мұнда аруларымыздың тіл шеберлігі, сөз байлығы сыналады.
VI «Қыздарға әсемдік жарасады»- деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.
2 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлем- сөз басы» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз Аманғазы Айана
2- жүргізуші
№ 2 аруымыз  Алдабергенова Аружан
1-жүргізуші
№3 аруымыз Ережепбай Аяла
2-жүргізуші
№4 аруымыз Жанабаева Еркежан
1-жүргізуші
№5 аруымыз Кусманова Балжан
2-жүргізуші
№6 аруымыз Мұратова Аяулым
1-Жүргізуші
№7 аруымыз Жұмажанова Дильназ
2-жүргізуші
№8 аруымыз Кабдышукирова Арайлым
1- жүргізуші
IV бөлім «Білімді мыңды жығар» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші
ІІІ бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
№ 1 аруымыз Аманғазы Айана
2- жүргізуші
№ 2 аруымыз  Алдабергенова Аружан
1-жүргізуші
№3 аруымыз Ережепбай Аяла
2-жүргізуші
№4 аруымыз Жанабаева Еркежан
1-жүргізуші
№5 аруымыз Кусманова Балжан
2-жүргізуші
№6 аруымыз Мұратова Аяулым
1-Жүргізуші
№7 аруымыз Жұмажанова Дильназ
2-жүргізуші
№8 аруымыз Кабдышукирова Арайлым
1 - жүргізуші
ІҮ бөлім « Шебер қолдар»Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші
Ү бөлім «Мақал – сөз мәйегі» деп аталады. Бұл бөлімде қыздарымыз ана тақырыбына мақал-мәтел айтып жарысады. Аруларымызды ортаға шақырайық.
1-жүргізуші
VІ бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді.
Аруларымыз бұл бөлімге дайындалғанша ұлдарды ортаға шақырайық.Аналарына,әжелеріне арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.
2 - жүргізуші
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз Аманғазы Айана
2- жүргізуші
№ 2 аруымыз  Алдабергенова Аружан
1-жүргізуші
№3 аруымыз Ережепбай Аяла
2-жүргізуші
№4 аруымыз Жанабаева Еркежан
1-жүргізуші
№5 аруымыз Кусманова Балжан
2-жүргізуші
№6 аруымыз Мұратова Аяулым
1-Жүргізуші
№7 аруымыз Жұмажанова Дильназ
2-жүргізуші
№8 аруымыз Кабдышукирова Арайлым

1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Күй:
Орындайтын:Әмірғали Арнұр
2 - жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні

2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздарға әсемдік жарасады» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.