Семей қаласы
«№3 жалпы білім беретін мектеп-кешені» КММ
Кутешова Жадыра Серикалиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Математика          4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу ұғымын одан әрі нақтылау.
Сабақтың мақсаты: теңдеу ұғымын еске түсіре отыра бір түбірі бар, бірнеше түбірі бар немесе түбірі жоқ теңдеулердің мысалдарын ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: 1. Теңдеу туралы білік, дағды, іскерліктерін тиянақтау, жүйелеу.
                      2. Есеп шығару, есептеу қабілеттерін,өздігімен жұмыс жасай алуға ынталандыру.
3. Отан сүйгіштікке, ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың түрі: танымдық
Сабақтың әдіс –тәсілдері:білім, білік, іскерлік қалыптастыру, баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.(оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.)
Психологиялық икем:5- тік болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
                                       Өнер білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
Балалар бүгін бізге сабаққа көгершін қонаққа келіпті.Оның жақсы хабары бар екен.Жақсы хабарға не бересіздер?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақта арқылы тексеру.
678∙х=6102∙5 85707:у=70+19
678∙х=30510 85707:у=89
х=30510:678 у=85707:89
х=45 у=963
678∙45=30150 85707:963=89
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп алу.
Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың жалауы.
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз Жеңіс күніне арналады.Жеңіс күні қай күн?
Көгершін –бақыт, бейбітшілік құсы. Сондықтан сендер көгершіннің әрқашан аспанда қалықтап ұшуына көмектесулерің қажет.(әкелген тапсырмаларды орындау)
Жеңіс күні бізге оңайлықпен келген жоқ.
Ұлы Отан соғыс жылдарында (1941-1945) ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күрес жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар , өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындарды.Олай болса біз бүгін білімімізді Жеңіс күніне тарту етеміз.
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Теңдеу ұғымын нақтылай отыра, бір түбірі бар, бірнеше түбірі бар  немесе түбірі жоқ теңдеулердің мысалдарын ажырата білу.
Қайсысы теңдеу?
728-х=15∙40 728-х-15∙40 728-х>15∙40
    өрнек теңсіздік
теңдеу, түбірі 728-х
Әріптің орнына кейбір сандарды қойғанда тура теңдік, ал басқа сандарды қойғанда тура емес теңдік шығатын құрамында әрпі бар теңдік, теңдеу деп аталады.
Санды теңдеудің әрпінің орнына қойғанда дұрыс санды теңдік шықса, ол сан теңдеудің шешімі. Теңдеудің шешімі      теңдеу түбірі
Теңдеуді шешу дегеніміз оның орнына барлық түбірлерін табу немесе оның түбірі жоқ екенін көрсету.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.
№1 Теңдеуді тап және оны шеш.(өз бетімен жұмыс)
7859+с=10320-680
7958+с=9640
с=9640-7859
с=1781
7859+1781=9640
№2 Теңдеудің түбірі 351 саны бола ма?
25974:х=74
х=25974:74
х=351
25974:351=74
№3 Сөзді анықта. «Алауымыз» жана берсін.
2 топтан орындайды.
3216   16 101 1236   6 142 1250   50
32       201   16                     12       206     50 100     25
    16 606                        36 7100    250
    16                         101                         36     250
     0 1616 0 0
25 7100 201 1616 206
е р л і к
№4 ауызща. «Ойланып көр»
Теңдеулердің мынадай шешімдері болатынын түсіндір.
(5-х)∙(3-х) =0 екі түбірі бар. Оларды тап.
х:(1000-125∙8) =317 түбірлері жоқ.
х∙0=0  көртеген түбірлері бар. Оның бірнеше түбірін көрсет.
Сергіту сәті.
№5 Есепті оқыту, талдау, шығару.
Болғаны -27
Жіберілді-?,1/3
Қалғаны-?
Шешуі: 27:3=9      27-9=18
Жауабы:18 қару қалды.
№6  Есепті оқыту, талдау, шығару.
         Артиллерист-156
Солдат-?               3 есе көп         Десант сонша-?
     Шешуі: 156∙3=468(солд.)
                    468+156=624
                  624+624=1248
     Жауабы:1248 десант қатысты.
№8 Мына теңдеу қай есепке құрылған.Жұптық жұмыс
х-104∙4=304
х-416=304
х=416+304
х=720
720-416=304         ( 1 есеп)
№9 (ауызша)
Теңдеудің түбірі натурал сан бола мая?
8∙х=4 8+х=4 4:х=8 4-х=8
№10 тест түрінде.
Теңдеудің неше түбірі бар?
15:х=0 х:15=0 (8-х)∙(7-х) =0 (х-1)∙(7-х)∙(17-х) =0
Ү. Қорытындылау. Көгершін ұшыру.(ән ақ көгершін)
Бағалау. Мадақтау арқылы.
Үйге тапсырма:322 бет №7