ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Биология пәнінің мұғалімі
Кабдолданова Жамиля Капеновна
Адам ағзасына қоршаған ортаның химиялық және биологиялық факторларының әсері.
Адам денсаулығының жағдайы және өмірінің ұзақтығының 20-25% тұқымқуалаушылықпен, 50-55% өмір салтымен, 20-25% қоршаған орта жағдайымен, 10-15% медицинамен анықталады. Ғаламшар халқының денсаулығының нашарлауының және жағымсыз демографиялық көрсеткіштердің артуының негізгі себептерінің арасында климаттық, географиялық, әлеуметтік, экономикалық ахуалмен қатар экологиялық қолайсыздықтар да ерекше орын алады.
Жер шарының көптеген аймақтары, соның ішінде Қазақстан, тірі табиғат пен адамның өмір сүруіне қауіп төндіре отырып, қарқынды антропогендік ықпалға ұшырайды. Қауіпті экологиялық жағдай, экологиялық апат және тіптен экологиялық апат аймақтары пайда болады. Қазіргі уақытта тірі ағзалардың генетикалық құрылымына қауімті әсер ететін, жоғары мутагендік белсенділік тудыратын техногендік сипаттағы өнімдер мен қоршаған ортының ғаламдық ластануы байқалады.
Көптеген ірі қалалардың, техногендік биогеохимиялық провинцияларды қоршаған ортаның химиялық ластануы адам денсаулығы үшін апатты болып табылады. Қоршаған ортадан ағзаға түсетін көптеген ксенобиотиктердің дезинтоксикациялау процесінің артуы, олардың ағзаның әртүрлі құрылымдарында жинақталуы, қорғаныш және тасымалдаушы жүйелердің (қан және лимфа айналым) қызметіндегі іркілістер көптеген аурулар туғызып, денсаулықты нашарлатады.
Қазіргі уақытта біз өз денсаулығымызға қоршаған ортаға өзіміздің білімсіздік қатынастарымыздың жемістерін көріп жатырмыз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы түсетін зиянды заттардың көзі болып табылады. Топырақтың және жер асты суларының тамақ өнімдері арқылы ластануы да біздің ағзамызды улайды, не болмаса ауыл шаруашылығында пайдалануға мүлдем жарамай қаралы. Атмосфералық ауа- бұл Жер бетіндегі тіршіліктің негізі болып табылады. Биологиялық процестер мен тыныс алу үшін қажетті оттегінің және фотосинтезге жұмсалатын көмірқышқыл газдың маңызы жоғары. Ауаның құрамының өзгеруі табиғаттың басқа элементтеріне қарағанда денсаулыққа кері әсер етеді.