Міндеттері:
Курс мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олрдан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Білім беру ұйымдарында қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдық және мәдени шындықтарға негізделген және қазақстандықтардың ділімен байланысты дүниетаным мәдениеті мен төзімділігі жөніндегі сапалы, мазмұны жағынан тиімді ақпараттық-дидактикалық материалдардың жеткіліксіздігін, балалар мен жастарға арналған, олардың санасында патриоттық сезімді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, өз Отанына пайда келтіру ұмтылысын тудыруға ықпал ететін кітаптардың аздығын атап өткен жөн. Балалар мен жастарға арналған кітаптар негізінен батыстық мұраттар мен құндылықтарды насихаттауға бағдарланған немесе таза технократиялық түсінікті қалыптастырады.
Кеудесіне “бұл менің елім, менің жерім” дейтін сенім ұялата білген жас қана өз елінің шынайы патриоты бола білмек. Ол үшін “баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармасақ болғаны. Жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды.
Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес мәселеге бөлінген.
Бірінші мәселесі Қазақ материялдық мәдениетіне тоқталып олардың не нәрсеге арналғаны туралы айтылады.
Екінші мәселесі Дәстүр мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.
Үшінші мәселесі Наурыз мерекесі хақында сөз болады.
Төртінші мәселесі Қазақ мәдениеті алғашқы оқулықтары мен басқа да оқу құралдарының сипатын толыққанды ашып көрсетеді.
Бесінші мәселесі Қазақ мәдениеті құрылымы жайында әңгіме болады.
РЕТ. № Сабақ № Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 1-бөлім. Қасиетті қара шаңырақ 9
1 1. Киіз үй 1
2 2. Тұрмыстық және шаруашылық заттар. 1
3 3. Қол өнер 1
4 4.Шеберлер қолданатын материял 1
5 5. Қамшы 1
6 6. Қазақтың ұлттық киімі. 1
7 7. Ұлттық киім ереекшеліктері. 1
8 8. Шаш күтілімі. 1
9 9.Ас адам арқауы. 1
2 2- бөлім. Қазақтың салт дәстүрі. 12
10-11 11.Отбасын көтеру
2
12 12.Тәрбие дәстүрі. 1
13 13.Отбасы.Тұмыс дәстүрі. 1
14 14 Еңбек дәстүрі. 1
15 15. Наурыз дәстүрі 1
16 16. Ислам тағылымдары. 1
17 17. Қаза ғұрыптары. 1
18 18. Асқа байланысты 1
19 19.Жақсы сөз жарым ырыс, жоралғы. 1
20 20. Ырымдар 1
21 21. Тиымдар 1
22 22.Дағды. 1
3 3-бөлім. Қарға тамырлы қазақ. 1
23 23. Үш жұрт (Ағайын,нағашы, қайын, жақындық атаулар) 1
4 4-бөлім. Төрт түлік. 3
24 24. Мал атаулары. 1
25 25.Ат әбзелдері. 1
26 26. Жануарға байланысты ырымдар 1
5 5-бөлім. Табиғатқа байланысты. 2
27 27. Күн, ай, жыл санау. 1
28 28. Қазақтың ауа райын болжаудағы қағидалары мен тәсілдері. 1
6 6-бөлім. Этнографияға байланысты. 6
29 29. Үш жүз құрамы. 1
30 30. Жақсы әдет 1
31 31. Халық өлшемдері. 1
32 32. Түр, түс туралы ұғым. 1
33 33. Сандарға байланысты ұғымдар. 1
34 34. Қару-жарақтар. 1
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А., «Қазақтың бүкіл тарихы, туыстану тарихы»,
Егемен Қазақстан, 1998, N13, 5-7 бет.
2. Құсайынова Р., «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай
болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991
3. «Қазақстан тарихының хрестоматиясы», Рауан, Алматы, 1991
4. Тұрлығұлов Т., «Қазақ ССР тарихының эпизоттық әңгімелері»,
Алматы, 1990
5. Қасымбаев Ж.К., «Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар»,
«Қазақстан мектебі», 1989, N7, 21-24 бет.
6. Шаймерденов К.Ш., «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер»,
Алматы, 1990, /Қазақ тарихы/, N13, 2030 – 8-9 бет.
7.Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет ғұрыптың беймәлім 220 түрі.Көмекші оқу құралы.- Алматы 1998.
8.Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрі. – Алматы:2005.
9. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына 1-5 кітап. Алматы 2005.
10. Аманжолов Қ. Р. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. 1-2 кітаптар, А., 2004.
11. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 – томдық., 1 т., А., 1996.
12. Өсерұлы Нұралы. Жеті жарғы А., 1995.