Акмамбетова Нургуль Арғынбековна №13 орта мектебі Жезқазған қаласы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиясы

     «Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, Құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді., өнбейді.Қазіргі мектеп мұғалімдері, яғни біздің алдымызда тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу – тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
    Дәстүрлі оқытуда оқу процесін басқарушы (мұғалім) және орындаушылар (оқушылар) болып табылады. Оларға көбінесе бұйрықты орындау, яғни қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Біз дәстүрлі оқытуда қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге деген принципке мақсат еттік.
   Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
   Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. Аталмыш тәжірибені жүйеге келтірген: Чарлз Тэмпл, Джон Стилл.
  «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен; сабақты өткізу барысында стратегияларына үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді тәсілдерінің молдылығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының терңдігімен ерекшеленеді.
    Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.         

Жүктеу:

https://www.sugarsync.com/pf/D1668278_167_655776326