Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы
Аққұдық орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сагидуллина Даригуль Саиновна.
Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу.Ортақ көбейіткішті жақша сыртына шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,өрнектерді
ықшамдау,жақшаларды ашу, ұғымдарын бекіту;
2.Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;
3. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,теориялық ойлау қабілеттерін дамыта оқыту, сабаққа деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, интерактивті тақта, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл сабақ оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында танымдық сұрақтардан басталады.
1.Қызығушылығын ояту.
-Білімімізді қайда толықтырамыз? Мектепте,кітапханада
-Ол жерлерде нелер бар? Журнал,кітаптар
-Олардың саны қанша? Көп
-Олай болса оларды санау үшін не істейміз? Қосамыз,біріктіреміз
2. ,,Сен ойла,тез ойла,,
Жерден айға дейін қашықтық-төрт жүз алты мың жеті жүз шақырым.Осы шаманы дециметрмен көрсетіңіз.
ІІ .Операциялық – орындаушылық кезең.
1. Оқулықпен жұмыс:
№787,№788 – өрнекті ықшамдау
2 . Ой қозғау .
Теплоходтың ағыспен жүзгендегі жылдамдығы ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығының
айырмасы екі еселенген ағыс жылдамдығына тең.
Тапсырма:Осы тұжырымды дәлелде.
3.,,Ойлан,тап,,
Жердегі барлық жасыл желек жыл бойы атмосферадан бес жүз елу миллиард
тонна көмірқышқыл газын қабылдап, оған төрт жүз миллиард тонна оттегі қайтарады.
Осы сандарды беске бөліп,шыққан сандардың қосындысын жазыңыз.
4.Өз бетінше орындайтын танымдық тапсырма
Тапсырма-1.
Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте. 5.Ой –тұжырымдамасы:
1.Жақша алдында «+»таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
2. Жақша алдында «-»таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.
ІІІ.Рефлексиялық - бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған қиындықтары әртүрлі тапсырмалар
1-деңгей
1.Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдаланып орындаңдар:
(-x+а+6)*(-2)
2.Өрнектің мәнін табыңдар:
3,1*44-3,1*14
3.Ұқсас қосылғыштардың астын сызып,біріктіріңдер:
7х-у-3у+2х+6у
2-деңгей
1.Төмендегі теңдіктердің қатесін табыңдар:
4-2х+2у-12-8у-10= -8у-6у-6
2.Ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:
1,6х+2,1х+2,4х-у
3.Жақшаны ашып,ұқсас қосылғыштарды біріктіріңдер:
-3*(8а+2)+6а
-(-23х-3)-8х
3-деңгей
1.Ұқсас қосылғыштарды біріктіріп,өрнектің мәнін табыңдар:
4а-2b+2,5a-7,8b ,мұндағы a=1,5;b=-2
2.Жақшаларды ашып,ұқсас мүшелерді біріктіріңдер:
(2х+6)(-3)+1,5(3у-2х)-7+9у-3,5
Қиындықтары әртүрлі тапсырмалар жауаптары интерактивті тақта арқылы тексеріледі
1-деңгей 2х-2а-12 93 9х+2у
2-деңгей -2х-6у-18 6,1х-у -18а-6 және15х+3
3-деңгей 31,35 13,5у-9х-28,5
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма : №793, №795,№796
Рефлексия.
-Сабақта не білдім?
-Бүгінгі сабақ соңындағы көңіл-күйім.
Отредактировано Даригуль (2014-09-06 12:51:12)