Абильдаева Салима Капбасовна.
Жезқазған қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде химия пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Кремний қышқылы. Силикаттар. Силикат өнеркәсібі.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерін қолдануда оқушылардың жоспар бойынша өздігінен білім алуларына бағыт бере отырып , олардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға, топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге, бірін-бірі бағалай білуге жағдай жасау.
а) білімділігі: кремний қышқылының қасиеттерін білу, оның қосылыстарының халық шаруашылығындағы маңызын түсіну;
ә) тәрбиелігі: өндірісте қолданылатын заттардың қасиеттерін біле отырып, қоршаған ортаны ластанудан қорғай білуге, Қазақстан экономикасының дамуына силикат өндірістерінің қосқан үлесін білуге бағыттау;
б) дамытушылығы: қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, өздігінен білім алу,білік, білім дағдыларын қалыптастыру, өз жұмыстарын бағалауды, қорытынды жасай алуды дамыту.
Сабақтың түрі: семинар-конференция
Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап
Формасы: ұжыммен, топпен, жекелеме
Жабдығы: сынауықтар, натрий силикаты, тұз қышықылының ерітіндісі, шыныдан жасалған бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: география, экология, экономика, математика, информатика, қазақ тілі, биология.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.Бірімжанов, Н.Нұрахметов «Жалпы химия» Алматы 1992ж.
2. Химия: оқушы анықтамасы, Алматы, «Арман-ПВ», 2005 ж.
3. Химия: «Энциклопедия для детей» Алматы 2007 ж.
4. // «Химик анықтамалығы» 2008 ж. № 1; 3; 4;5-6 ; 2009 ж. № 4; 5; 6;
Жүктеп алу: