Нұрқасымов Асхат Берікбосынұлы
ШҚО,Үржар ауданы,Үржар ауылы.
«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Спорт салауатты өмір сүруде, адам өмірінің ұзаруына таптырмас құрал екені баршамызға мәлім. Жас жеткіншекке спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіре отырып, оларды спорт өнеріне баулу- ертеден келе жатқан дәстүр.
Волейбол – мектеп оқушыларының шымырлық пен шыдамдылыққа, сұлулық пен адам баласының тұрақты қалыптасуына жол ашатын спорт түрі.Бұл- жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін келтіретін ойын. Волейбол ойыны үшін аса көп материалдық шығындар мен базалық құралдардың қажеті шамалы.
Волейбол сабағын өткенде басты назарда ұстайтын қағидаларым: допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды меңгерту, волейбол ойынына жаттықтыру. Осы ережелерді ескере отырып ,сабақтың мақсатын айқындаймын:
1. Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру;
2. Оқушының допты қабылдауға ақыл-ойын жетілдіру;
3. Топтық, жұптық және ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру.
Сабақта қиын элементтерді жеңілмен сабақтастыруға көп көңіл бөлемін. Сабақты
9 –сынып оқушыларына өткіздім.
Қажетті құрал-жабдықтарға волейбол сеткасы мен волейбол добын пайдаландым.
Сабақтың негізгі бөлімі төмендегіше болды:
№ Сабақтың қысқаша мазмұны
Өлшем
бірлігі Әдістемелік нұсқау
Кіріспе бөлім 12 мин
1 Оқушыларды сапқа тұрғызу
2 Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу
3 Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
4 Саптағы жаттығулар
5 Жүріс, жүгіріс жаттығулары. Жалпы дамыту.Д.Ж. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау
Негізгі бөлім 28 мин
1.Волейболшының тұрысын қайталау.
Допты солдан, оңнан, алдан, арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
2. жаттығулар:
Волейболшының тұрысымен допты астынан қабылдау кезіндегі қолдың және аяқтың қалпы. (мұғалімнің көрсетуі).
Допты солдан, оңнан, ортадан арттан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
3. Допты астынан беру (мұғалімнің көрсетуі).
Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, оңға, солға жүру.
Жоғарыдан және төменнен екі қолмен допты беру
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау
Қауіпсіздік ережелерін
қатаң сақтауын
қадағалау.
Қорытынды бөлім: 5 мин
1 Сапқа тұрғызу.
Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары Оқушылардың тәртіп сақтауын бақылау
2 Сабақты қорытындылау Оқушылардың жетістіктерін атап айту , кемшіліктерін толықтыру
3 Оқушылардың білімі , біліктілігін бағалау Әділ баға қою
4 Үй тапсырмасын беру Сабақ барысында кеткен олқылықтарға байланысты
5 Сабақты аяқтау Саппен қайтару
Воейбол сабағын жүйелі өткізудің нәтижесінде оқушылардың спорттың бұл түріне деген қызығушылығы арта түседі.Спорттың бұл саласы оқушыларға жан-жақты білім беруде, өмір тәжірибелерін кеңейтуге, дүниені танып білуге, қабілеттерін жетілдіруге көмекте -сетін аса қажетті құралдардың бірі болып табылады.
http://dfiles.ru/files/0zh03ozbg