Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Пәні Дүниетану
Тақырыбы Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Сілтеме Дүниетану 2-сынып, Атамұра баспасы 2013 К.Жүнісқызы. Н.Жапанбаева
Жалпы мақсаттар С оқушы В оқушы А оқушы
Мәтіннің мазмұнын оқып, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға жануарлардың мекендейтін жерлері мен олардың тыныс алу тәсілдері, жануарлар тіршіліге кажетті жағдайлар, көбею туралы айта алады
Күтілетін нәтиже Мәтіннің мазмұнын түсінеді, қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Жануарлардың тіршілігіне ауа, жарық, қорек қажет екенін түсінеді, мәтіндердің мазмұнын айта біледі. Мәтіннің мазмұнын айта біледі, жануарлардың мекендейтін жері мен тыныс алу тәсілдерін, қореқ, жануарлардың көбеюі туралы түсіндіріп, дәлелдеп жеткізеді.
Негізгі идеялар • Ауа – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай екені туралы түсініктерін кеңейту, жануарлардың түрлері, көбею, қорек табу керек екенін түсінеді
Оқыту әдістері • Қызығушылықты ояту
• «Кір жаятын жіп»
• «Миға шабуыл»
• «Әңгіме кестесі» стратегиясы
• «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы
• Ойтолғаныс
• Сұрақты ұстап ал
«Басбармақ» әдісі
Тапсырмалар
Постер қорғау, сұраққа жауап беру, суретпен жұмыс, жұптық жұмыс.
Бағалау критерийі
Формативті бағалаудан жиынтық бағалауға
Жинаған суреттерін санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау
6 – 9 ұпай – «5»
5 – 7 ұпай – «4»
3 – 5 ұпай – «3»
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
3 минут
І. Психологиялық дайындық
Әрбір адам – Туысым, достым, жұрағат.
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық. Мұғаліммен сәлемдесу.
- Оқушыларды «амандасу түрлері» бойынша топқа бөлу ойыны бойынша 3-топта бөлініп, отырғызу.
Иықпен амандасалы, аяқ табанымен амандасады, бастың маңдайымен амандасады, сол бойынша 3 топқа бөлу.
- Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы бағалануға ұмтылады.
- Топ ережесін естеріне түсіру
6 минут ІІ. Үй тапсырмасы
Жануарлар дүниесінің әртүрлілігі
Берілген сөздерден бүгінгі сабаққа қажетті сөздерді тауып түсіндіру.
Мысалы: сүтқоректілер-өйткені жануарлардың бір түрі, ауа-жануарларға да ауа қажет өйткені жануарлар адамдар секілді ауасыз тіршіілік ете алмайды.
«Кір жаятын жіп»
Сүтқоректілер, ауа, жарық, бейімділік, ұрпақ-тіршілік жалғасы, сақтаңдырғыш рең
Құстар
Балықтар
Жәндіктер
Қосмекенділер
Бауырымен жорғалаушылар
- 3 минут
- «Кір жаятын жіп» арқылы үй тапсырмасын бекіту
3 минут
ІІІ. Мағынаны тану
Қызығушылықты ояту
Бейнеролик көрсету:
жануарлар
«Су асты тіршілігі»
1. Бейнероликтен не көріп, тамашаладық?
2. Балықтар қайда тіршілік етеді?
3. Киттер мен дильфиндер қалай тыныс алады?
4. Қыста балықтар ойықтар маңына топталады. Неліктен?
(Оқушы жауабын мұғалім толықтырып отыру)
Барлық жануарларға су, ауа, жылу, жарық және қорек керек. Жануарлар да адамдар сияқты ауамен тыныс алады. Тіпті, суда, топырақта мекендейтінде. Топырақта бос орынның бәрі ауаға толы. Топырақты қопсыту, оған ауа кіруіне ықпал етеді. Топырақ неғұрлым жұмсақ болса, онда жануарлар соғұрлым көп болады. суда тіршілік ететін киттер мен дильфиндер өкпемен тыныс алады. Сондықтан олар міндетті түрде су бетіне шығып тыныс алады. Қыста балықтар ойықтар маңына топталады.
Неліктен?
Өйткені мұз арқылы суға ауа өтпейді де, балықтарға ауа жетпейді.
7 минут
ІҮ. «Миға шабуыл»
Шыңғыс құстың ұясын көрді, онда 2-3 аузын ашып жатқан балапандарды көрді. 2-3 күнен кейін келсе, балапандар өліп қалды. Неліктен балапандар өліп қалды.
Видеоролик қызыл кітап
Әр топтан шығып әңгімелеп айтып береді.
Сергіту сәті Видеоролик. Қойлар.
6 минут Ү. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу, кестені толтыру
Зерттеу обьектісі Тіршілік ету ортасы Жануар
ларға ауа керек екенін қалай дәлелдеуге болады? Қалай көбееді Жануарлардың қандай тобына жатады
Шортан
Сиыр
тоқылдақ
Берілген мәтінді мұғалім басшылығымен межелі жерге дейін оқып, кесте де берілген сұрақтар бойынша жауап тауып, кестені толтыру.
Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап беру:
1. Топырақ арасында тіршілік ететін қандай жануарларды білесіңдер?
2.
4 минут ҮІ. «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы
Сәйкестендіру
Аю дән
Бүркіт тышқан
Құс балық
Қасқыр қоян
Сиыр шөп
Өрмекші шыбын
Дәптермен жұмыс
Қандай ортада тіршілік етсе де, кез – келген жануарға ауамен тыныс алу қажет, онсыз ол тұншығып өледі.
Күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын жазу
7 минут
ҮІІ. Ойтолғаныс
1-топқа:Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар
2-топқа:Жануарлар бір ортаға қалай бейімделеді
3-топқа: жануарлар қалай көбейеді
Оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту
7 минут ҮІІІ. Сабақты бекіту
Сұрақты ұстап ал: «АУКЦИОН »ОЙЫНЫ
1. ЖҮРГІЗІУШІ ЖАНУАРДЫҢ СУРЕТІН КӨРСЕТІП «мына әсем жануар суреті ұтысқа қойылады. Кім көп жауап берсе, сол ұтады»
2. Бастаймыз:
3. Жануардың аты?
4. Қандай жердке мекендейді?
5. Немен қоректенеді?
6. Қорегін тәулекің қай бөлігінде аулайды?
7. Адамға қауіпті ме?
8. Оны қолда өсіруге болама?
9. Ұрпағына қалай қарайды? Ойын арқылы жаңа сабақты бекіту, бүгінгі алған білім, білік дағдыларын «Бас бармақ» әдісі арқылы тексеру
2 минут
Формативті бағалаудан жиынтық бағалауға
Жинаған суреттерін санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау
6 – 9 ұпай – «5»
5 – 7 ұпай – «4»
3 – 5 ұпай – «3»
Үйге тапсырма 1.Жануарларға да ауа керек мәтінін оқу және мазмұнын айту.
2. «Топырақ арасында тіршілік ететін жануарлар» тақырыбына фото-суреттер дайындау
Пән мұғалімі