Жезқазған қаласының
№13 орта мектебінің
физика пән мұғалімі
Қуандықова Альмира Мағзұмқызы
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы тұжырымдау,оқушылардың өткен материалды дұрыс және еркін меңгере білуін және формулаларды дұрыс пайдалануға үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,логикалық ойлау қабілетін дамыту; Тәрбелік:Ізденімпаздыққа жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі:Қайталау сабақ. Сабақтың типі: Сайыс сабақ Сабақты өткізу тәсілі: Сұрақ –жауап, баяндау, формулаларды қорыту Пән аралық байланыс: Математика Көрнектілігі:Амперметр,шам,тоқ көзі,кілт,таратпалы карточкалар,интерактивті тақта. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:оқушылардың назарын сабаққа аудару,сабақ жоспарымен таныстыру. 2.Үй тапсырмасын сұрау: а)Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын беру. Қайталау сұрақтары: 1. “Электр тоғы”дегеніміз не? 2. “Ток күші”деп нені атайды? 3.Ток күшінің өрнегі қандай? Өлшем бірлігін ата. 4.Ток күшін қандай құралмен өлшейді?Шарты белгісі. 5. “Электр кернеуі”деп нені атайды? 6.Ол қандай бірлікпен беріледі? 7.Кернеуді өлшейтін құрал? Шартты белгісі. 8.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? 9.Амперметр тізбекке қалай жалғанады? 10.Реостаттың шартты белгісі? а)Берілген суреттер бойынша амперметр,вольтметр ,кілт,қыздыру шамы,аккулятор құрал-жабдықтарын анықтандар. в)Берілген сұлба бойынша алдарындағы берілген құралдарды пайдаланып электр тізбегін құрастыру,үш қатар нәтижесі салыстыру және сол бойынша жасау. 3.Ғалымдар бойынша түсінік беру. Георг Симон,неміс ғалымы,1787 жылы16 наурызда Эрлангемде туылды.1805-1806 жылдары Эрланген университетінде оқыды.Әрі түрлі гимназияларда математика мен физикадан сабақ берді.Эрланген университетінле докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте,Кальнде,Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегі Политехникалық мектептің,Мюнхен университетінің проферссоры болды.1826 жылы экспериментер арқылы ток күшін,кернеу және кедергінің бір-бірімен байланысын өрнектейтін тізбегінің негізгі заның ашты.Математикалық түрде Ом заңы U=l R формуламен өрнектеледі.Мұндағы U- тармақталған тұрақты ток тізбегінің бөлігіндегі өткізгіш ұштарындағы потенциал айырымы, l -ток күші, R- өткізгіш кедергісі.Ом кедергісінің өткізгіш материалына тәуелділігін,оның ұзындығына тура пропорцонал және көлденең қиманың ауданына кері пропорционал екенін көрсетеді.1827 жылы электр мен жылудың таралуының сәйкестігіне сүйеніп теория негіздерінен заңдылықты табуға әрекет жасады.Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды.Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр қозғаушы күш”деген ұғым енгізді. “Электр қозғаушы күш”(ЭҚК), “өткізгіштік”деген ұғымдарды да ол енгізген.1830жылы Ом алғаш рет ток көзінің электр қорғаушы күшін өдшеді.Омның кейінгі еңбектері акустикаға,соның ішінде дыбыстың күрделі құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 4. Түсініктер мен іс-әрекеттерді қалыптастыруда есептер шығару. 1.Егер өткізгіш ұштарындағы кернеу 6В,кедергісі 3 Ом болса ток күші нешеге тең? 2.Кернеуі 10 В және ток күщі 2А болатын өткізгіш бөлігіндегі электр кедергісі неге тең? 3.Егер ток күші 3А болса, 15 мин ішінде электр үтігінен қандай электр эаряды өтеді? 4.220 В кернеуге арналған шамның ток күші 0,5 А тең.Шамның жұмыс кезіндегі қылының кедергісін тап. 5.Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19А ток күшіне есептелген болса , онда оған қандай кернеу берілуі тиіс? 6.Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедкргісі 15 кОм болса,онда қоспа арқылы өтетін тоқтың шамасын есептеңдер. 7. 24В кернеу адам өміріне қауіпті ме? 5. Физикалық диктант. 1.Зарядталған бөлшектердің....................қозғалысы. 2.Электр зарядының өлшем бірлігі ...................... 3.Ток көзі дегеніміз не ........................ ...... 4.Грек тілінде янтарь қандай мағынаны білдіреді ......................... 5.Тізбектегі кедергіні өлшеу үшін........................ қолданылады. 6. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын..................... ашты. 7.Электр қозғаушы күшін не деп айтады ............................ 8.Кулон......................... ненің өлшем бірлігі. 9.Вольт............................ ненің өлшем бірлігі. 10 Ампер ....................... ненің өлшем бірлігі. 6.Үйге тапсырма беру:§38,18-жаттығу 8сынып.