№13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахимжанова Бибімария Қастайқызы

Ана тілі.
Тақырыбы: Мәңгі жасар өмір.
1. Оқушыларды халықтың арман – мұраты үшін күрескен ақын ағамыз Сәкен Сейфуллиннің өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
Халықтың өнерге деген сүйіспеншілігімен, шығармаларының өміршеңдігімен Сәкен Сейфуллиннің өмірі мәңгі жасар өмір екендігін оқушыларға түсіндіру.
2. Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ой - өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

СТО-ға байланысты міндеті: Тақырыпты зерделей қарап, өмірде қолдана білу, тәрбиелік мәнін ұғыну.

Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:
1. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады.
2. Өз ойларын шағын, үлкен топтарда ортаға салып, дәлелдеп үйренеді.
3. Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Қолданылатын стратегиялар: «Топтастыру», «Болжау», «Көрнекілік», «Жұптасып сурет салу», «Автордың орындығы».

Көрнекілігі: Сәкен Сейфуллин портреті, кестелер, үнтаспа, суреттер.

Жүктеу: сабақ жоспары және флипчарт:

http://liveforums.rusfolder.net/files/36081134