Смагулова Жумакуль Абильхановна
Жезқазған қаласындағы  № 13 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.

Тақырыбы: «Рухани - адамгершілік тәрбие беруде ата- аналармен бірлескен жұмыстар»

Қазақ халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Оған «Отан-отбасынан басталады» деген нақыл сөз дәлел бола алады. Шындығында да отбасы –кіші бір мемлекет, яғни үлкен мемлекеттің кішкентай бір құрамдас бөлігі. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын, елі үшін еш нәрседен тайынбайтын, жұртына қамқор, патриот азамат осы отбасынан шығады. Ал оны біздің халқымыз ертеден-ақ білген, соның үшін де «Жақсылықты алдымен анаңа жаса, «Бала бауыр етің», «Әке асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек. Халқымызда баланың рухани-адамгершілік тұрғыда дамып, өзін қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелейтін салт-дәстүрлері де жетерлік.

Жүктеп алу:


https://cloud.mail.ru/public/LkLP/cuowUgAtc

Отредактировано Жумакуль Смагулова (2017-01-29 12:31:37)