Беглярова Каншайм-№ 133 негізгі орта мектебі КММ,бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Өзін – өзі тану еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Балаларға өзін-өзі тану пәнінен өткен білімдерін қайталау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қуанышты қөңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті
«Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау.
Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, слайд, суреттер, домбыра.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Шаттық шеңбері
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңілді ашады,
Күліп өмір сүрейік!
2. Саяхат
Мұғалім: Балалар, біз бүгін өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа барамыз.Балалар, саяхатқа шыққанды ұнатасындар ма? Балалар : Ия, саяхатқа шыққанды ұнатамыз. Мұғалім: Саяхатқа немен шыққанды ұнатасыңдар? (Балалардың жауабы) Мен мотоциклмен шыққанды ұнатамын. Мен ұшақпен шығар едім. Ал мен түйемен саяхатқа шыққанды ұнатар едім. Мұғалім: Ал мен сендерге автобуспен шыққанды ұсынамын. Бүгін біз сендермен саяхатқа автобуспен барамыз. Ал еңді автобусқа жайғасып отырайық. Автобус жүргізушісі мен боламын. Саяхатта бізді көгілдір аспан, мейірімді күн қарсы алады. Балалар, біздің саяхатымызда көптеген аялдамалар болады, сол аялдамаларда бізге арналған тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды орындайық.
Жүктеп алу: