Беглярова Каншайм-№ 133 негізгі орта мектебі КММ,бастауыш сынып мұғалімі
Сыныптан тыс жұмыс“Біз ХХІ ғасыр ұланымыз” интеллектуалдық ойы"
Мақсаты: 1. Пәннен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыр 2. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру 3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу. Ойын барысы а) Шаттық шеңбері ә) Топқа бөлу ( Әр оқушы өздеріне ұнаған геометриялық фигураны алып, сол топқа отырады.) б) Әділқазылар алқасын сайлау в) Әр топ орталарынан көшбасшыларын сайлайды,өз аттары мен ұрандарымен таныстырады. Зеректілер, талаптылар, білімділер
І.Кіріспе сөз.
Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Білімді, дарынды, ел сүйер дарындылар көбейе берсін!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерін оқушылар ортаға салады.
Жоспармен таныстыру
І сайыс:Бәйге: Пән сұрақтары
ІІ сайыс: Өнер: Мың бір мақал
ІІІ сайыс:Көкпар: Жеті жұмбақ
ІV сайыс: Дода
Ақ түсті – гуманитарлық ғылым
Жасыл түс – жалпы ғылым
Қызыл түс – нақты ғылым
V сайыс: Жорға (ашық хат таңдау)
VІ сайыс: Полиглот: (Берілген сөз бойынша көп сөздер құрау)
Жүктеп алу: