№13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекбауова Кымбат Назаровна
Ұсынылып отырған қолданбалы курс қазақ тілі пәнінен енгізілген «Даналық сөздер» тақырыбымен 4-сыныпқа арналған.
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, қазіргі кезеңде кез келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан жас ұрпақтың тілін дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың қоғамдық тәрбиелік маңызы зор. Бастауыш сынып жасындағы балада өзін қоршаған дүниені танып-білуге құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды.
Баланың тілін дамытуда, орынды сөйлей алуына, т.б. құндылықтарды игеруіне халық ауыз әдебиетінің орны ерекше. Компьютермен жұмыс істейтін, жаңа техникалық құралдарды меңгерген жаңа заман балалары осы заманда ұмытылып бара жатқан мақал-мәтелдер, халық ертегілері, жұмбақ-жаңылтпаштар сияқты халқымыздың құндылықтарын тек оқулықтардан, мектеп қабырғасында ғана оқып, оны өмірде қолдана алмай жатады. Осы мақсатта халық құндылықтарын жоймай, бала бойына сіңдіре білу үшін аталмыш курс туындап отыр.
Бұл курста бірыңғай мақал-мәтелдер қамтылған. Мақал-мәтелдер – ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.
Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.
Курс оқушылардың тіл байлықтарын дамытып қана қоймай, халық даналығын сезіне білуге, тарихты меңгеруге, бір ғана мақал-мәтелмен үлкен ойды жеткізе алу мүмкіндіктерін туғызады.
Жүктеу:
Отредактировано Кымбат Назаровна (2013-05-14 12:23:34)